Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лидо: Балалар үшін некені сақтаудың қажеті жоқ

Өмірлік серігіңізге деген көңіліңіз суып немесе сезіміңіз сөніп кетсе не істеу керек? Балалар үшін отбасын сақтап қалған дұрыс па әлде әр адам өз бақытын іздеуі керек пе? Бұл сұраққа Қазақстан эстрада жұлдыздары жауап берді.

Лидо-220217

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Шыдаудың, балалар үшін бәріне төзудің қажеті жоқ. Тек ажырасқаннан кейін де балалар жалғызсырамайтындай, ата-ананың қамқорлығын барынша сезінетіндей жағдай жасау керек”, – дейді үш баланың анасы, әнші Лидо.

Былтырғы жылы тұрмысқа шығып, ана бақытына бөленген актриса Рано Омарова Лидомен келіспейтін болып шықты.

“Соңына дейін отбасын сақтап қалуға тырысу қажет. Мүмкін екі адам бір-бірінен уақытша демалса, ол оңды нәтиже беретін шығар”, – дейді ол.

Ата-анасы ажырасқан күннің өзінде, олар өз бақыттарын тапса балалар да бақытты болады. Бұл бірге бірақ бақытсыз өмір сүргеннен қарағанда әлдеқайда жақсы, – дейді отбасылық психолог Анна Черняева.

Жіберіп алмаңыз:

Анджелина Джоли өрмекшіні қалай жеу керектігін көрсетті (фото)

Димаш жетінші кезеңде қазақша ән орындайды

Ғаламда жоқ дауыс: Әртүрлі ел өкілдері Димаш жайлы не дейді?

Тыңдарман “Жігіттер” квартетіне ұзындығы 150 метрге созылатын хат жіберген

Талқылау