Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғаламда жоқ дауыс: Әртүрлі ел өкілдері Димаш жайлы не дейді?

Қытайда өтіп жатқан “I am a Singer” жобасы Димашты Аспан асты еліне ғана емес, күллі әлемге танытты. Оның ашық даусы, қазақ даласындай кең диапазоны, бірнеше октаваға дейін жететін дауыс мүмкіншілігі, оның даусының әртүрлі болып құбылуы тілі мен діні бөлек өзге мемлекет өкілдерін де бей-жай қалдырмады.

Димаш-210217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сөзіміз құрғақ болмас үшін, дәлел ретінде ғаламторда әртүрлі ел өкілдерінің Димаш жайлы жазған пікірлерін ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Jonathan Erwin Malnoury (Франция):

“Мінсіз ғажап дауыс! Тіл жағынан жіберген қателіктері ұмытылады, кешіріледі. Кеуде дауысы мен регистрді керемет қолданады екен. Уау”.

Ingrid Masseaux (Франция):

“Адам сенгісіз, мен сондай шаршадым, ұшып барамын. Қазір де ұшудамын, ал мына ән менің басымда сан рет қайталанды”.

Robin Williamson (Техас, АҚШ):

“Бұл қандай шоу екенін білмеймін, бірақ… Уау. Оның диапазоны адам сенгісіз, шынайы емес секілді! Оның бұл «сұмдық» диапазонды қолдануының өзі ғажап”.

Isabelle Chauffeton Saavedra (Франция):

“Мына видеоны 4 рет көрдім. Адам айтса нанғысыз. Даниель Балавоин жұмақта шығар, ол өз әнін орындаған мына жігітті мақтан тұтар еді. Кемеңгер, нағыз кемеңгер. Бірнеше сөзді қате айтқаны бұл жерде маңызды ма? Бастысы эмоция шынайы әрі сондай қуатты болды. Оның даусы мен харизмасы! Құдайым-ау! Менің шынайы өмірге қайта оралуым қажет”.

Carmen Fernandez Ansuategui (Испания):

“Дауыс… Жүректерді жақындастыра түсетін ең мықты құрал. Қандай кең диапазон…”

Christin Orbst (Германия):

“Уау, мұнда тенор мен сопраноның аралығындағы бүкіл дауыс бар, ер де, әйел де бар! Денеңді тітіркендіреді”.

Silvanja Bailando (Италия):

“Тым ерекше, мына әншінің аты-жөнін білетін адам болса, маған айтыңыздаршы”.

Ian Stewart (Ұлыбритания):

“OMG!!! Бұл дегенің ғажап, керемет қой. Мен мына видеоны үш рет көріп, тыңдадым. Мына ғаламда қалайша осындай дауыс болуы мүмкін? Бар мүмкін шекарадан асып түсетін диапазон. Жоғарыдан берілген дарын. Эмоциям асып-тасып жатыр. Бөліскендеріңізге рахмет”.

Marcia Nikaydo (Бразилия):

“Бұл сайыс емес деп үміттенемін. Басқа қатысушыларға өте әділетсіз болар еді. ЛОЛ. Бір адамның ішіне үш түрлі әнші кіріп алғандай. Тамаша!”

Tuula Hastbacka (Финляндия):

“Ғажап регистр, кең, таза үндестілік, керемет, дірілдеткішті реттей алады. Керемет әнші”.

Monica Reberg (Норвегия):

“Мына әнді үш күннің ішінде кем дегенде 50 рет тыңдаған шығармын. Ғаламшар бетінде жоқ мына дауысты естіген сайын денем түршігеді. Уау”.

Fatima Vicente (Португалия):

“Ммммм, қаншама эмоция, денең тітіркенеді… Мұны тыңдаудың өзі ерекше әсерге бөлейді! Бұл көзіңді жұмып тұрып сан мәрте тыңдай беруге болатын ән екен! Бөліскендеріңізге рахмет! Өте әдемі!”

Пікірлер Димаштың PR-менеджері Алпамыс Шәрімовтің парақшасынан алынды.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергеновтың әкесі қызметтік мансабын тастады

Димаш Құдайберген танымал көлік брэндінің жарнамасына түсті (фото)

Ғани Қасымов: Димаш бұдан былай қазақ әншісі емес

Димаш пандалармен кездескен әлемдегі бірінші елші атанды (фото, видео)

Талқылау