Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстігінде 90 миллион теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Түркістандық полицейлер 90 миллион теңге қарызы бар жүргізушіні анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздікті қадағалау кезінде "Қорғау" бағдарламасының көмегімен "Toyota Highlander" автокөлігін тоқтатты. Себебі патрульдік полицейлердің қолындағы планшетке жедел басқару орталығынан жүргізушінің қарызы бар екені туралы дабыл қоңырауы түскен.

Тексеру барысында 46 жастағы Қызылорда тұрғынының ірі көлемдегі айыппұлды төлемей жүргені белгілі болды. Сот орындаушының қаулысына сәйкес автокөлік айыптұрағына жеткізілді.

“Заң талаптарына сәйкес, полицейлер көлікті айыптұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақытылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді”, – деп мәлімдеді Түркістандық облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнар Абдужаппарова.

Талқылау