Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий жағалауында 12 итбалық өлексесі табылды

Маңғыстау облысы бойынша Балық инспекциясы басқармасы 25 сәуірде Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауында өлі итбалықтар табылғанын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Маңғыстау облысы бойынша Балық инспекциясы басқармасы

Инспекция мен жергілікті атқарушы органдардың, гидробиология және экология институтының өкілдерінен тұратын жұмыс тобы итбалықтар табылған орынға шықты. 

"Табылған өлекселер қатты шіріген күйде болған. Бұл олардың қыс мезгілінде өлгенін және осы уақыт ішінде суда болған деп болжауға негіз береді. 12 өлі итбалық 23 сәуірде басталған Батыс дауылы салдарынан жағаға шыққан", –делінген хабарламада.



Бөлім мамандары сынама алуға болатын жалғыз үлгілерден гидробиология және экология институтының қызметкерлері тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ішкі ағза тіндерін, сонымен қатар азу тістерді алғанын атап өтті.

Еске салайық, 2024 жылдың 29 наурызында Маңғыстауда теңіз жағасынан 40 итбалықтың өлексесі табылғаны туралы жазған едік. Мамандардың тексерісі кезінде олардан дене жарақаттары, жаралар немесе зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмаған.

Талқылау