Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

35 келі синтетикалық есірткі табылған: Алматы облысында ірі зертхана жойылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті тағы бір есірткі зертханасын жойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰҚК

17 сәуірде ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана қызметінің жолын кескені хабарланды.

"Тінту кезінде 35 келіге жуық синтетикалық есірткі заттары, 500 литр прекурсорлар мен зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді.  Бұл қылмысты жасады деген күдікті ұсталды", – делінген хабарламада.



Соттың санкциясымен ұсталғанға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

Талқылау