Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімдігі жаңа аудан құру туралы шешім қабылдады

Астана қаласының әкімдігі қала халқы санының өсуі мен инфрақұрылымының қарқынды дамуына байланысты жаңа аудан пайда болуы мүмкін екенін хабарлады. Жаңа аудан құру талқылауға шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ашық нормативтік-құқықтық актілер порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден

Халық санының өсуі мен аумақтың қалалық инфрақұрылымының белсенді дамуына байланысты, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық басқаруды оңтайландыру мақсатында Астана қаласындағы Алматы ауданының шекарасын жаңа аудан құру арқылы өзгерту туралы шешім қабылданды. 

Атап айтқанда, Астана қаласындағы Алматы ауданының шекарасын 6953 гектар жер аумағын қалада құрылған жаңа ауданға беру арқылы жалпы ауданы 8 518 гектар жерді қамтитын шекара бекіту  ұсынысы жасалды. 

Ұсыныс 14 мамырға дейін қоғамдық талқылауға жіберілді.

"Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен Астана қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі",-делінген ашық нормативтік-құқықтық актілер порталы хабарламасында.

Талқылау