Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семсерлесуден лицензиялық турнирде сынға түсетін спортшылар анықталды

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін лицензиялық турнирде бақ сынайды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы 27-28 сәуір күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында семсерлесуден өтетін Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысады. Төртжылдықтың басты додасына жолдама беретін жарысқа 28 елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар. Қазақстан атынан сынға түсетін спортшыларды назарларыңызға ұсынамыз:

Әйгерім Сарыбай  - сабля

Артем Саркисян - сабля

София Николайчук - шпага

Ғалым Нұрымов - рапира

София Ақтаева - рапира

Айта кетейік, бұл жарыста әрбір қару түрінен бір жолдамадан ойнатылады. Яғни, Париж олимпиадасына жолдама алу үшін тек қана бірінші орын иелену керек. 

Талқылау