Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда отбасы 25 баланы тәрбиелеп өсірді

Екібастұзда қарапайым отбасы 25 баланы бағып-қағып өсірді. Соған қарамастан, Яценколар отбасы қай балалардың асыранды екенін айтқысы келмейді. 13 бала кәмілеттік жастан асқан. Мерекелік күндері дастархан басынан балалар ғана емес, немерелер де табылады. Олардың саны – 11.

photo_194941

Фото: Tengrinews.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Екатерина мен Герман Яценко қай баланың туған, ал қай баланың асыранды екенін айтқылары келмейді. Қиыншылықтар мен проблемаларын да жария қылмайды. Айтуларынша, ол жеке отбасының мәселесі. 25 баланың ата-анасы 40 жылдан бері тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Қараусыз қалған балаларды асырап алу туралы шешімге де жұбайлар бірге келген.

«Біздің қызымыз саябақта Светамен танысқан еді, содан үйімізге Света мен оның інісі келді. Екеуін де қабылдадық. Одан кейін балалар үйіне бардым. Сөйтсем бір баланы кәмілеттік жасқа толмағандардың колониясына жіберейін деп жатыр екен, өзін аяп кеттім. Оның құжаттарымен әуреге түсіп жүрген кезде тағы екі бауырының бар екенін білдім, сөйтіп үшеуін бір-ақ алдық», – дейді көпбалалы ана Екатерина Яценко.

25 баланың жартысына жуығы ересек. Балалардың үлкені 37-де болса, кішісі небәрі 9-да. Қыздар аналарына ас үй жұмыстарына көмектессе, ұлдар аула жұмысына қол ұшын береді. Яценколар әр баланы жүрек қалауымен алғандарын айтады. Олардың медициналық картасына қарамастан, туған бауырларынан айырмастан бауырларына басқан. Осылайша махаббат пен мейірімді аса қадірлейтін отбасы Ержанның аяққа тік тұруына көмектескен. Ол сал ауруына шалдығып, төсекке таңулы болған. Тағы екі баланың жүрегі ауырады.

«Өмірімнің соңына дейін оларға алғыс айтып өтемін. Мені қабылдап, бағып-қағып, өнегелі тәрбие бергендері үшін шексіз ризамын. Олар маған өмір жолын көрсетті», – дейді Яценколардың ұлы Артем Захарев.

Айтпақшы, Яценколар көпбалалы ғана емес, көпұлтты отбасы. Алғашқы кезде қамқорлық органдары жұбайларға күдікпен қараған. Әр баланы кәмілеттік жасқа толмағандарға ай сайын төленетін 18 мың теңге үшін асырап алады деп те ойлаған. Сол себепті отбасын да жиі тексерген. Алайда уақыт ақ-қараны көрсетті. 25 бала Яценколарды «әлемдегі ең жақсы ата-ана» деп отыр.

«Ол әдемі, мейірімді, жақсы. Біз барлығымыз оны қатты жақсы көреміз», – дейді Екатерина Ярмолюк.


Жіберіп алмаңыз: 

Оңтүстік Қазақстанда жас ана 30 жасында үш бірдей егіз баланы дүниеге әкелді (фото)

Ақтөбеде оқушы қызын жетектеген әйел бас киім ұрлап масқара болды (видео)

Есікте Жібек Мусинованы жабылып зорлаған күдіктілерге қатысты дәйектер жоғалып кеткен

Талқылау