Ақтөбеде оқушы қызын жетектеген әйел бас киім ұрлап масқара болды (видео)
Онысы базардағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Сұғанақ әйел тауарды қарап жүрген сыңай танытады. Сатушы көзін ала бергенде бас киімнің бірін қызының күртешесіне тыға қояды. Кейін жалмажан екіншісін қолтығына сүңгітіп жіберген. Мұны саудагер алғашқыда аңғармай да қалыпты. Кейін таспаны көргенімен, құны 5 мың теңге болатын қос бас киімді даулап ешқайда шағымданбаған. Дегенмен, тәртіп сақшылары арызсыз-ақ ұрыны жазалаймыз деп отыр. Ал сатушы болса күдіктіден өзгелер де сақтанып жүрсін деген ниетпен әлеуметтік желіге бейнероликті жариялапты.
«Бір қарасам мына жерде бас киім жоқ. Камерадан қарасақ екі бас киімді алып кетіпті. Сосын камераға түсірді де, салып жіберді «зеллоға»», – дейді сатушы Гүлназ Дәрібаева.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады