Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту: Ұлттық жоба қалай жүзеге асып жатыр

Республикамызда шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысып жатқан жандар ел экономикасының дамуына үлесін тигізіп жатыр. 2023 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша 2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 640 мыңнан астам адам қатысты. Толығырақ Stan.kz сайтынан оқыңыздар.

адамдар

Еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау бойынша тапсырмасын орындау барысында Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы әзірленген болатын. Аталмыш жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, жаңа бағыттарlы қалыптастыруға және кәсіпкерлер арасында бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Ұлттық жоба шеңберінде бірқатар шаралар іске асырылған.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, республикамыз бойынша ұлттық жоба шеңберінде жұмысқа орналасқан азаматтар саны 449 мыңнан асады, оның ішінде 260  мың қазақстандық  тұрақты жұмыспен қамтылған.

Бүгінде ұлттық жобаның мақсаттарының қатарында – шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлердің дағдыларын дамыту, жұмыс орындарын көбейту және халықты жұмыспен қамту. 

Осылайша, мемлекет тарапынан ұсынылған “Жастар практикасы”, “Алғашқы жұмыс орны”, “Ұрпақтар келісімшарты” сынды жобаларының арқасында мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған адамдарға түрлі қолдау шарасы көрсетіліп жатыр. Бұл жобаға 35 жастан аспаған, кәсіби тәжірибесі жоқ азаматтар қатыса алады.

Мысалы үшін, зейнет жасына жақындаған адамдар үшін “Күміс жас” жобасы іске асырылды. Еліміз бойынша 14 мыңнан астам азамат жобаның арқасында еңбек етіп жүр.

Сонымен қатар “Әлеуметтік жұмыс орындары” және “Қоғамдық жұмыс” жобалары шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Жоғарыда аталған жобаларға қатысу үшін еңбек мобильдігі орталықтарының көмегіне жүгіну қажет. Сондай-ақ, электронды еңбек биржасы немесе электронды үкімет порталы арқылы жұмыссыз казақстандықтар жұмыссыз ретінде тіркелу қажет.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 189,5 мың адам орналасқан. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 17,2 мың адам, жастар практикасымен 30,4 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 118,4 мың адам, “Алғашқы жұмыс орны” жобасы аясында 8,6 мың адам, “Ұрпақтар келісімшарты” жобасы аясында 442 адам жұмыспен қамтылды.

Бастау бизнес – кәсіпкерлік негіздеріне тегін түрде оқытатын курс. Аталмыш жобада қатысушылар өз ісін жүргізудің негізгі дағдыларын үйренеді, бизнес-жоспар дайындайды, сондай-ақ өз жобасын қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми парақшасының деректеріне сүйенсек, аталмыш жоба бойынша 127 мыңнан астам адам оқумен қамтылды. Ал білімін тәмамдап, сертификат алған қатысушылар саны 96 мыңға жуық адамды құрайды. 

Бұдан басқа6 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан бастап  9102 грант бөлінді.

Талқылау