Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұмысынан мерзімсіз демалыс алған қазақстандықтар кейін қызметінен босатылады" - Сарапшы

Қазақстандықтардың көпшілігі еңбек нарығының жай-күйін және залал көлемін әлі күнге дейін жете бағаламайды, деп санайды FMI Professionals агенттігінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Алма Жандаулетова. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі inAlmaty.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір көптеген адамдар вирустың таралуы аяқталады және бәрі бұрынғы арнаға оралады деген үмітпен демалыста жүр. Алайда, сарапшының айтуынша, қалыпты жағдайға қайта оралу мүмкін емес, себебі үлкен зиян келді.

"Көптеген компанияның басшыларымен бейресми түрде сөйлескенде олар: "Иә, біз адамдарды жібердік, бірақ шын мәнінде біз оларды кейінірек жұмыстан шығаруға мәжбүр боламыз, бірақ бұл туралы әлі айтпай отырмыз", деп мәлімдеді. Нәтижесінде, бәсекелестік артады, жұмыс орындары аз болады: рецессия барлық экономикаларда болады", - дейді сарапшы.

Сарапшының пікірінше, қазіргі жағдайда қызметкер жалақысына шынайы қарауы керек, ал мансапта өсуге ​​үміттенудің қажеті жоқ - өз деңгейін жұмыс тапқанның өзі жақсы нәтиже.

"Адам белсенді болуы керек. Қазіргі уақытта бос орынға барғысы келетіндер көп, жай ғана отыруға және күтуге болмайды. Жұмыс бар, ол үшін күресуге тура келеді. Сұхбатқа барғанда икемділік көрсету керек. "Менде бір кездері миллион жалақы болды" деп айтуға болмайды. Қазір шарттар өзгерді. Бірақ сұхбатқа бармас бұрын компанияларды тексеру керек", - дейді рекрутинг агенттігінің директоры.



Алма Жандәулетова бос жұмыс орындарының сипаттамасын қарау және өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалау қажеттігін ерекше атап өтті. Егер адам талаптарға сай келмесе, түйіндемені әлеуетті жұмыс берушіге жібермеген жөн.

"Біз орта білікті және жоғары білікті қызметкерлермен жұмыс істейміз, яғни Ресейден, Украинадан және ТМД-ның басқа елдерінен алаяқтардың пайда болу жағдайлары бар. Олар түйіндемені алаңдарда орналастырған және шетелде жұмыс істеуге мүдделі адамдарға қоңырау шалады. Біздің азаматтарға қызметтер ұсынылады, "біз жұмыс табуға көмектесеміз, топ-компаниялармен таныстырамыз, алдымен сіздің түйіндемеңізді қарастырайық, бірақ 1 000 рубль төле" дейді, адам төлейді, ол қызығып отыр. Содан кейін алаяқтар түрлі амалдарды ойлап табады: түйіндемені жаңарту, профиль құру және т.с. Шынымды айтсам, біздің азаматтарымызға, егер сіз жоғары білікті IT-маман болмасаңыз, Ресейде еңбек нарығына кіру өте қиын. Қазақстанның ішінде: егер адам ойлана алса, ол компания туралы барлық ақпаратты міндетті түрде сұрайды", - дейді маман.

Сонымен қатар, адамдардан ақша алатын агенттіктер санаты бар, олар жұмысқа орналасуға көмектесе алады, бірақ ешнәрсе жасамайды.

Сарапшының сөзінше, алаяқтықтың ең жиі түрі кездесетін түрі "тест тапсырмасы" деп аталады. Бұл жағдайда фрилансерлер мен қашықтан жұмыс іздейтін адамдар ілгекке түседі. Схема: жұмыс беруші сізге ірі (көбінесе шетелдік) жобамен жұмыс істеу үшін қашықтан мамандарды іздейтіндерін айтады. Әрине, мұндай маңызды және жауапты жұмысқа үміткердің жарамдылығын тексеру үшін алаяқ сізге тест тапсырмасын жібереді, оны орындау үшін сізге өте қысқа мерзім беріледі, ал тапсырманың өзі өте көлемді және қиын болады. Жұмыс іздеуші тапсырманы орындағаннан кейін жұмыс беруші сіздің жұмысыңызбен бірге жоқ болып кетуі мүмкін.

"Жұмыс тәжірибесі жоқ" белгісі бар бос орындар көбінесе жас және аңқау ізденушілерге бағытталған, олар осындай "тиімді" ұсынысқа риза болады. Жұмыс беруші бірегей, мүмкін, тіпті авторлық оқыту курстарынан өтуді ұсыны мүмкін, ол аяқталғаннан кейін бірден жұмысқа кіретінін айтады. Тағылымдамадан өтушілер оқу ақысын төлегеннен кейін, кейде бірден байланыс үзіледі. Соңында конкурс бойынша өтпеді деп көрсетіледі.

STAN.KZ
Сейсенбі, 14 Шілде, 2020 09:05
Талқылау