Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыртқа мен саңырауқұлақ психикалық денсаулықты жақсартады - Диетолог

Диетолог Мэри Кейт Киз дұрыс тамақтану арқылы физикалық денсаулықпен қатар, психикалық саулықты қалыпқа келтіруге болатынын айтты. Psychiatric Times басылымына берген сұхбатында ол психикаға пайдалы өнімдерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Маманның сөзінше, дұрыс тамақтанбаудың немесе қоректік заттардың жетіспеушілігі салдарынан күйзеліс пен абыржу сезімі ұзаққа дейін кетпеуі мүмкін. Киз психикаға оңды әсер ететін және денсаулықты сақтауға қажетті қоректі заттары бар бірнеше өнімді атады. 

Диетолог көбірек жұмыртқа жеуге кеңес берді. Себебі оның құрамында ми мен есте сақтау қабілетін жақсартатын холин бар. Сондай-ақ саңырауқұлақтың құрамында D дәрумені болғандықтан, маман бұл өнімді де көптеп тұтынуға кеңес береді. 

Одан бөлек, рационда жидектердің болуы міндетті. Диетологтың пікірінше, бұл – жүйке жүйесі үшін ең таптырмас өнім. 



Киз психикалық денсаулығын сақтағысы келетін адамдарға алкогольді ішімдік пен энергетикалық сусындардан түбегейлі бас тартуға кеңес берді. Фаст-фуд, өңделген өнімдер мен тәттілер абыржу сезімін ұлғайтады, сондықтан бұл өнімдерді мейлінше азырақ тұтынған жөн. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Бейсенбі, 14 Сәуір, 2022 11:34
Талқылау