Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова: Ұлымыз келін емес ерін әкелсе, қызымыз қыз құшақтап келсе, не істейміз?

8 наурызда өткен әйелдер шеруі қоғамда қызу талқыға түсті. Бұған қоғам белсенділері мен танымал тұлғалар үн қосып, ортаға салды. Бұл ретте Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова өз ойын айтып, ашық қарсылығын білдірді. 

"Қой терісін жамылған қасқырдың жемтігі боп қалмайық. Кішкентай кезде бізді біреу ренжітсе ағамызға не әкемізге айтатынбыз. Себебі олардың бізге қорған екенін білдік. Нағашымызға “арқалашы, көтерші” деп еркелей өстік. Себебі еркелете алатынына сендік.

Бойжете келе сөз салған сүйіктімізге, “иә” деп, отбасын құруға келісім бердік. Себебі одан болашақ отағасын көрдік. Ал уақыт өте пайда болатын отбасы ішіндегі түсініспеушілік ер мен әйелдің екеуара мәселесі-мәмілесі еді. Екеуінің ықтиярлығымен бір шешімге келетін тек екеудің әңгімесі. Ал шеттен шыққан жағдайда заң бар, құқық бар. Үндесе де, үндемесе де - ол да өз таңдауы.



Кешегі шеруді және сол шеруді қолдаған қоғамдық ой қалыптастырушыларды түсінбедім, түсінбеймін де... Біз қай кезде сырттан қорған іздеп едік?! Бізді қай кезде сырттан кім қорғаған еді?! “Сені қорғаймын” дегенге сеніп, жат идеологияның құрбаны боп кетпейік!

Иә, әйел мазақ болатын емес, мадақ қылатын жан! Иә, әйел қорланатын емес, қорғалатын жан! Бірақ біз шеруге шықпай тұрып досымыз бен дұшпанымызды ажыратуымыз керек. Егер алда-жалда ұлымыз келін емес, ерін әкелсе, қызымыз қыз құшақтап келсе, біз не істейміз-сіз не істейсіз?!", - деп жазды Әбдікәрімова парақшасында

Желі қолданушылары өз пікірін білдіріп, ой қосып жатыр.

"Міне халық қалаулысы. Әдемі сөзбен әдемі жеткізе білу де керемет. Қорқып жазайын ба, жазбайын ба, жазсам өзіме зиян, жазбасам халық неге үндемей отырсың дей ме демедіңіз.🤔Жарайсыз, жарадыңыз", "Бұлардың арасында біреуін ұрған ба ер азаматтар, ұрғаны үшін, митингіге шыққанды емес, ұрғанды алып кетіпті. Сонда үкімет қолдап отыр ғой бұларды. Ал бұларға тиіскенді қамап тастап жатыр ма сонда? Әділдік жоқ", "Өте дұрыс айтылған сөз! Жұлдыз айналайын қосағыңмен қоса ағар! Әр ісіңе Алла берекесін берсін!", - деді желідегілер.

Талқылау