Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылаған шибөрі ме, бала ма: Тауда жоғалған бала туралы айтқан шопан сөзінен тайқыды

Алматы облысында жоғалып кеткен 7 жасар бала 12 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат.  

«Баланы бүгін таңғы сағат 7-ден бастап іздеуге шықтық. Әдетте жоғалған күннен бастап 3 күнге дейін белсенді іздестіру жұмыстары жүреді. Бұдан кейін қалыпты жағдайға көшеміз. Дәл мына жағдайда ол қағидаға қарамаймыз. Төтенше жағдайлар комитетіндегілер мен полиция өкілдері бастапқы құрам бойынша іздеуді жалғастырып жатыр. Жылаған баланың даусы шыққаны туралы ақпарат бізге жеткен жоқ»,-дейді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Иманқұлов баланың аман болуын болжай алмайтынын айтты. Ал, Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев тірі болуы әбден мүмкін екенін жеткізді.

«Аймақты 40 полицей, 40 әскер 3 итпен торуылдап жүр. Иісшіл иттер үңгір мен жыраларды аралауда. Бұған қоса шопандар да атқа қонды. Қой қоралар тінтіліп жатыр. Іздеу тобына Алматы облысы әкімдігінен өкілдер мен Алматыдан еріктілер қосылды. Жалпы алғанда 110 адам баланы іздеуге шықты »,-дейді Сергей Незнаев.

Бұған дейін жылаған баланың даусын естіген шопан «Неліктен еш әрекет жасамадың?» деген сұраққа «ол шибөрінің даусы ма деп ойладым» деп жауап берген. Сондықтан баланың жылаған даусы туралы ақпарат жалған болуы мүмкін.

«Шопаннан бұл туралы сұрағанымызда, сөзден тайқыды. Адам баласының даусы екенін, қайдан естігенін нақты айта алмады. Естияр адамның жапан далада баланың үнін ести тұра, еш әрекет жасамағаны таңғалдырды», – дейді ол.

Сергей Незнаев бұған дейін де 1 ай бойы адасып, аман қалған балалар болғанын айтады. Сол секілді Ернұр да тірі болуы мүмкін.

Бұған дейін тауда жоғалған баланы тікұшақпен іздеп жатқанынхабарлаған едік. Әзірге еш нәтиже жоқ. 

Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында таулы жерде жоғалып кеткен 7 жасар баланың іздестіріліп жатқанына 10 күн болды. 7 жасар бала 14 шілдеде кешкі сағат 20:30-да Ынтымақ аулының оңтүстік жағында жоғалып кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 25 Шілде, 2018 11:33
Талқылау