Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тауда жоғалып кеткен 7 жасар бала 3 күннен бері табылмай жатыр

Алматы облысында таулы жерде жоғалып кеткен 7 жасар баланың іздестіріліп жатқанына 3 күн болды, деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматы облысында тауда жоғалып кеткен 7 жасар бала 3 күннен бері табылмай жатыр

Сурет: Көрнекі сурет

7 жасар бала 14 шілдеде кешкі сағат 20:30-да Ынтымақ аулының оңтүстік жағында жоғалып кеткен.

«Таулы аймақтағы «Кіші саз» жайлауында Алматы тумасы Ернұр Сәдуақасов жоғалып кетті. Ол 2011 жылы дүниеге келген. Осыған байланысты, шұғыл іздестіру тобы құрылды. Баланы іздестіруге 108 адам мен 9 техника жұмылдырылды. Әскери бөлім қызмкеткерлері итпен іздестірді. Алайда ол жаңбыр жауғандықтан әрі орманға химиялық заттар себілгендіктен, баланың ізін ала алмады», – дейді ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Бүгінде оқиға орнын автокөлік және атпен шолу шаралары жүргізілуде.

Әзірге іздеу жұмыстары нәтиже берген жоқ. Алайда құтқарушылар баланы іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау