Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұбайын ұзақ уақыт бойы азаптады”: Сотта Сәкен Мамашқа 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы сұралды

Сәкен  Мамашқа 6 жыл сұралдыФото: желіден және видеодан скрин

Астанадағы сотта прокурор экс-дипломат Сәкен Мамашқа 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Астанада Сәкен Мамашқа қатысты сот ісі өтіп жатыр. Ол – бұрын Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінде кеңесші болған.

Оны бұрынғы әйелі Карина Мамаш “қатыгездік танытып, ұзақ уақыт бойы азаптады” деп айыптап отыр. Сол себепті ол соттан істі жабық түрде қарауды сұрады. Өйткені іс барысында жеке өмірге қатысты интимдік сипаттағы мәліметтер айтылуы мүмкін.



Еске салайық, бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан еді. Осыдан кейін сыртқы істер министрлігі Біріккен араб әмірліктері дипломатын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Қазақстанға шақырып алды. 9 мамырда әйел Астанаға оралды. Қауіпсіздік үшін Карина балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналасты. Шенеуніктің әйелі күйеуінен 10 жылдан бері зәбір көріп келе жатқанын айтып, көмек сұраған еді.

STAN.KZ
Бейсенбі, 17 Шілде, 2025 17:01
Талқылау