Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жолдасы қайтқан адамға ұқсамайды": Ләйлә Сұлтанқызы өзін сынайтындарға жауап берді

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы сыртқы келбетін сөз еткен оқырмандарына үн қатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БАҚ өкілі “Жолдасы қайтқан адамға ұқсамайсың” деген оқырманының сұрағына жауап берді.

“Мұхтар есімді оқырман жазыпты. Әйелдің сымбатына, түріне, шашына, тырнағына, көзіне көп жағдайда сын айтатындар – ер адамдар. Ер азаматқа жараспайды деп ойлаймын. Өз ойын фактімен айтқысы келетін шығар, бірақ әйел тақырыбынан бөлек те жайттар толып жатыр ғой. Ал физиологиялық тұрғыда жасармайтынымды білемін. Қартайып жатқанымды қабылдаған адаммын. Қала берді өзімнің жасымды ешқашан жасырған емеспін. Алла амандығын берсе осы қыста 48 жасқа толамын. Бір-бірімізді қолдап, керісінше жылы-жұмсақ сөздер жазайықшы", – деді ол. 



Желі қолданушылары сүйікті журналистеріне қолдау білдірді. 

“Келіншегім 48 жасқа толғанда сіздей болса, арманым жоқ”, “Жасарғаныңызды көре алмайтын шығар”, “Күйеуі өлген әйел құлпыруға болмай ма?!”, “Еркектердің ойынша, әйелдер үйде отыруы керек”, “Өлгеннің артынан өлмек жоқ, бақытты болыңыз”, – деп жазды көпшілік. 

@laila_sultankyzy Ответ пользователю @Muhtar Kuzerbaev ♬ оригинальный звук - Laila Sultankyzy
Гүлдана Нұрлыханова
Сенбі, 16 Тамыз, 2025 11:57
Талқылау