Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушыларды вагон дәлізіне жатқызған жолсерік үшін учаске басшысы орнынан кетті

«Алматы-Атырау» пойызының жолсеріктері вагон дәлізіне жолаушыларды жайғастырғаны үшін учаске бастығы лауазымынан босатылды.

91998-preview-image

Айта кетейік,  «Алматы-Атырау» бағытымен жолға шыққан пойыз вагонында дәлізде адамдардың ұйықтап жатқан фотолары интернетті шарлап кетті.

Фотодағы факт әлі тексерілмесе де, учаске бастығы атқарып отырған қызметінен босатылды. Бұл туралы тілшілерге берген сұхбатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Нұрдәулет Қилыбай мәлім етті.

«Мұның алдында да осындай шағымдар болды. Сондықтан біз оны лауазымынан босатып, басқа жұмысқа орналастырдық. Енді ол учаске бастығы емес», – деді Қилыбай.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда ер адам пойыз астына түсіп мерт болды

Пойыз терезесінен сыртқа қарамақ болған жігіттің басы жұлынып кетті

Шымкентте жас қыз құлаққаптың кесірінен пойыз астына түсіп көз жұмды

Ақмола облысында ауыр халде жатқан науқас терезеден секіріп мерт болды

Талқылау