Жол полициясы киімін киген ер адам көшеде қайыр тілеп отыр (видео)
Қазақстандағы қалалардың бірінде жол полициясының қызмет киімі мен тақия киіп алған ер адам көшеде қайыр тілеп отыр, – деп хабарлайды Stan.kz.
Жол полициясы киімін киіп, көшеде қайыр тілеп отырған тілемсекті белгісіз біреулер видеоға түсіріп алған. Видеожазба Instagram желісіндегі Shymkentskayaa парақшасында жарияланды.
Тілемсекті видеоға түсіріп алған адамдар онымен сөйлесіп, үстіндегі киімін қайдан алғанын білмек болған. Ер адам әңгімеден қашқақтамастан, өзіне қойылған сұрақтарға әзілмен жауап берді.
«Есімім Вася. Өмір – қатал. Жұмыс жоқ, алатаяқты тартып алды», – деп әзілдеді жол полициясы киімін киген тілемсек.
Ер адамның сөзінше, денсаулығында омыртқасына байланысты қиындықтар бар екен.
Өз кезегінде желі қолданушылары күлкіге қарық болып, пікірлерін білдіріп жатты. «Тапқанын киеді ғой. Енді не істейді?», «Мүмкін ақкөңіл полиция қызметкері жаны ашып, өзі берген шығар» деген пікір білдірді қолданушылары.
Оқи отырыңыз:
Сейсмологтар Алматыдағы ең қауіпті жер сілкінісі ошақтарын атады
Тойда «тауық биін» билеген ата мен әже жұртты күлдірді
Ақтауда әйелімді өлтіріп, мәйітін көшеге көмдім деген азамат кінәсіз деп танылып, ақталып шықты