Ақтауда әйелімді өлтіріп, мәйітін көшеге көмдім деген  азамат кінәсіз деп ақталып шықты 

Сенбі, 25 Қараша , 2017 10:48

Таразда азаматтық некедегі әйелін азаптап өлтірді деген күдіктен ұсталып, тіпті мәйітті қай жерге жасырып көмгенін  видеода өзі көрсеткен азаматты судья кінәсіз деп, ақтап шықты. Нақтырақ айтқанда, сот «дәлел жоқ» деп  шешім шығарған. Егер тергеушілер іс қозғап, бірақ қылмысты дәлелдеп шыға алмаса, заң бойынша енді тергеушілердің өзінің үстінен іс қозғалады.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Маусым айында ішкі істер бөлімшесіне өз аяғымен барған Олег тәртіп сақшыларына өзін қамауды өтініпті. Ол төрт ай бұрын әйелін өлтіріп, денесін көшеге көмгенін айтады. Тіпті тәртіп сақшыларын ертіп барып әйелін қалай өлтіріп, қайда көмгенін тәппіштеп түсіндіріп береді. Кезекті қызу отырыста әйелімен сөзді келіп қалдым деген Олег «оны буындырып өлтірдім», –  дейді. Кейін денесін алысқа апармай үй іргесіне көме салған айуынша.

Жантүршігерлік жағдайды жайып салған Олегке қатысты бүгін соттың үкімі оқылатын күн. Өзі де, мемлекеттік айыптаушы да сотталатына сенімді еді. Бірақ соңғы шешім сот залындағыларды аң таң қылдырды. Істі бес ай бойы қараған судья Олегті «кінәсіз» деп тапты. Себебі тергеушілер сот барысында күдіктінің айыпты екенін дәлелдей алмапты. Төрт ай топырақ астында қалған мәйітке сараптама жүргізген мамандар да бақилық болған азаматшаның нақты неден қайтыс болғанын айта алмаған. Ал ата заң бойынша өз кінәсін мойындағанмен дәлелсіз ешкімді темір торға тоғытуға болмайды,- дейді судья.

«Тергеушілер өрескел қателіктер жіберген. Ол жөнінде жеке қаулы шығарылды. Тергеушілер енді тиісті жазаларын алады», – дейді Жамбыл облысты қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Азамат Тілепов.

Осылайша бостандыққа шыққан Олег тергеушілердің «өзі келіп мойындады» дегенін теріске шығарды. Өлген денесін көмгенім рас, бірақ өлтірді дегені өтірік дейді.

«Мен ол кезде мас едім. Есімді білмеймін. Мен мойындаған жоқпын, тек солай жаза салған. Кім дейсіз бе? Тергеуші», -дейді айыпталушы Олег Нефедин.

Үкімнен соң судья бес ай бойы қамауда отырған Олегке моральдық-материалдық шығын өндіріп алуға толық құқығы барын түсіндіріп берді.  Енді осы істі жүргізген тергеушілердің басы дауда қалар түрі бар. Өйткені ақталып шыққан азамат тергеушілердің өздерін сотқа сүйремек.

Жазықсыз адамға жала жапқан тергеушілерге қатысты сот арнайы қаулыны ІІД мен прокуратураға жолдады. Олардың ендігі тағдырын солар шешпек.

Оқи отырыңыз:

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Сәтбаев тұрғыны сауда орталығын «жарып жібермек» болды

Алматы облысының ең үздік ұстазы пәтерінен қуылып жатыр

Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар