Шымкентте бүтіндей бір отбасы мүшелерінің өлі денелері табылды

Сенбі, 25 Қараша , 2017 8:31

Шымкентте үш адам газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Otyrar.kz. 

Алдын ала ақпарат бойынша, жер үйде 1976 жылғы ер адам, 1983 жылғы әйел және 5 жасар бала уланып қалған.

Оқиға орнына газ шаруашылығының мамандары келді. Олар үйде қолдан жасалған жылу қазандығы орнатылғанын анықтады.

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Оралда жеке тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 6 адам зардап шекті. Жүктіліктің жетінші айындағы 37 жастағы әйел күйік жарақатымен ауруханаға түсті. Кейінірек келіншектің құрсағындағы шаранасы шетінеп кеткені белгілі болды.

Әйелдің күйеуінің айтуынша, ол таңертең үйдегілерге шәй әзірлемек болып ас үйге кірген бетте газ жарылыпты.

“Мен қатты жарылыстан оянып кеттім. Ас үйге жүгіріп барсам, әйелім жанып жатыр. Отты қолыммен сөндіре бастадым. Оның бүкіл денесі күйіп қалды. Мен бірден жедел жәрдем шақырдым, олар оны ауруханаға алып кетті”, — деді ол.

Әйелден өзге отбасындағы 5 адам да ыстан уланып, ауруханаға жеткізілген.

Оқи отырыңыз:

Оралда әйел жүріп бара жатқан автобустан түсіп қалып, екі аяғын сындырып алды

Петропавлда 103 жылдық тарихы бар үйдегі 16 отбасы үреймен өмір сүруде

Қайрат Түнтеков 4 жылдан бері фонограммамен өтетін концерттерден бас тартып келген

Ақбота Сейітмағамбетті шоу-бизнестен шеттетіп тастаған кім?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар