Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойда «тауық биін» билеген ата мен әже жұртты күлдірді (видео)

Тойдағы көпшіліктің әрекеті желіде жиі  тарап жатады. Желіде таралған ата мен әженің биі түсірілген видеожазба жұртты күлдірді, – деп хабарлайды Stan.kz.

Видеожазба Instagram желісіндегі kazjkz парақшасында жарияланды.

Аталған тойдың қай жерде өткені белгісіз. Десе де видеожазбада тойларда өткізіліп жататын түрлі қызықты ойындардың бірі түсірілген сияқты.

 

Асабаның «тауық биін» билеуге берген тапсырмасын тойдағы ата мен әже жоғары дәрежеде орындап шықты. Жұртшылықты қыран-топан күлкіге батырған қариялардың, жасына қарамастан, қимылы ширақ, биі де ырғақты болды.

Өз кезегінде желі қолданушылары ата мен әженің биіне оң бағасын беріп жатты.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда әйелімді өлтіріп, мәйітін көшеге көмдім деген  азамат кінәсіз деп танылып, ақталып шықты 

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Сәтбаев тұрғыны сауда орталығын «жарып жібермек» болды

Алматы облысының ең үздік ұстазы пәтерінен қуылып жатыр

Талқылау