"Жыл бойы вейп шеккен": Маман электронды шылымның кесірінен жасөспірімдердің өкпесінен кінәрат анықталып жатқанын айтты
Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева жыл бойы үнемі вейп шеккен жасөспірімнің денсаулығындағы кінәраты туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сәрсенбаеваның айтуынша, жасөспірім биыл ақпан айында өкпе ауруы бойынша шағымданған.
"Бүгінде электрондық темекі немесе вейп жасөспірімдер мен жастар арасында кең тараған. Бір оқиғаға тоқталғым келеді. Тыныс алу органдарының ауру фактісі анықталды.
Науқас ақпан айында оң жақты пневмоторакс және туберкулезді өкпе эмфиземасы диагнозымен келді. Аурудың себебін анықтау барысында ол жыл бойы электронды шылымды үнемі тұтынатыны анықталды", – деді Сәрсенбаева ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында.
Оның айтуынша, ақпанда ол қажетті медициналық көмекті, антибиотикалық терапияны алды, үйіне шығарылды, бірақ бір айдан кейін қайтадан дене қызуы көтеріліп, ауруханаға түсті.
"Жасөспірім стационарға 39 градус температурамен және төменгі үлесті пневмония диагнозымен түсті. Мұндай фактілер бүгінде өздеріне назар аударуы керек. Электрондық шылымды пайдаланудың қауіптілігі туралы мәліметтерді халыққа жеткізу қажет", – деп түйіндеді маман.

Қазақстанда өсіп, Тәжікстанда төмендеп жатыр: ТМД елдерімен қосылған құн салығын салыстырып көрдік
