Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жігіттер” квартетіндегі Айдар ағылшынша ән салып, жұртты таңғалдырмақ

“Жігіттер” квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек жаңаша бағытта ән салмақ. Қазақи лирикалық әндерімен танылған төрттіктің мүшесі енді ағылшын тілінде ән шырқамақ. Айдар шет тіліндегі әнді акцентсіз орындай ала ма?

Айдар Тұрғанбек

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Айдардың жаңалығы мұнымен бітпейді. “Жігіттер” тобының солисі жетім баланың анасына жазған хаты жайлы ән салмақ.

“Жалпы мен бұл идеяны шет елден алдым. Әнін емес, тек қана идеяны. Осылай істеген екен. Және де бұл шет елде өте керемет жеміс берген екен бұл ән. Бұл бағыт”, – дейді Айдар.

Айдардың жаңа әні қазақ және ағылшын тілдерінде жазылған. Әннің шумағын Айдар, ал қайырмасын балалардан құралған хор орындайды екен.

“Неге екі тілде жазылды десеңіз, бүкіл әлемге жібергім келіп отыр бұл клипті. Және де бүкіл әлем бойынша жетім балалар азайса. Енді қолымыздан келгенше таратамыз. Шет елде достарымыз бар. Мен соларға жіберемін. Олар достарына жібереді деген сияқты”, – дейді Айдар.

Бейнебаянда бой көрсеткен оқушылардың ағылшыншасы көңіл қуантарлықтай болғанымен, Айдардікі мәз емес. Мектепте неміс тілін меңгеріп өскен әнші, барынша акцентсіз айтудың айла-тәсілін табуға тырысқан.
“Сөздерін қазақшаға аударып алдым. Мысалы, «Then» дегенді «З-э-н» қазақшаға жаздым да, солай айтып шықтым. Ән айту үшін ағылшыншаға бару керек. Тіл үйрену керек екен”, – дейді Айдар.

Жетімдердің мұңын жырлайтын бейнебаян дәл қазір монтаждалу үстінде. Айдардың ағылшын тіліндегі алғашқы жұмысы, бір айдың көлемінде ғаламторға жүктеледі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 10 Қазан, 2018 15:10
Талқылау