Халықаралық компания Астана мен Абу-Даби арасындағы рейстерді тоқтатты

Фото: Ru.freepik.com
Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясы Астана мен Абу-Даби арасындағы рейстерді уақытша тоқтатты. Бұған Таяу Шығыстағы қазіргі саяси жағдай себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанадан Абу-Даби бағытына соңғы рейс 19 маусымда орындалды. Қайта ұшуды жоспарлаған жолаушыларға компания Абу-Дабиге Алматы арқылы ұшатын баламалы бағыт ұсынды.
Сондай-ақ бұл ұсыныстан бас тартқан жағдайда жолаушыларға билеттің толық құнын қайтарып ала алады. Ол үшін Wizz Air компаниясының колл-орталығына хабарласу қажет.
Айта кетейіу, Flydubai әуе компаниясы да 13 және 14 маусымда Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Иран, Ирак, Израиль, Иордания, Қазақстан, Қырғызстан, Ливан, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанға рейстерді тоқтатқан еді.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады