Павлодар мен Екібастұзда қатты желден ағаштар құлап, тұрғындар жарықсыз қалды (видео)
Видеодан скрин
Павлодар мен Екібастұз қалаларында қатты желден ағаштар құлап, тұрғындар жарықсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екібастұзда 19 маусым күні сағат 16:44-те 500 кВ кернеулі электр жеткізу желісінде ақау болып, автоматты қорғаныс жүйесі іске қосылды. Ақауға қолайсыз ауа райы себеп болған. Оқиға салдарынан энергия жүйесінде 800 мегаватт көлемінде шектеу енгізілді.
Мамандар желіні қайта іске қосу жұмыстарын жүргізіп, қазір Екібастұз энергия торабындағы жоғары кернеулі желілер бойынша энергиямен жабдықтау қалпына келтірілген.
Ұқсас жағдай Павлодарда да тіркелді. Қатты жел жолындағының бәрін жайпап өтіп жатыр. Тұрғындар жарықтың өшкенін хабарлап жатыр.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда