Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты (видео)

Жетісу облысында жүк көлігі Жалаңашкөл станциясында жолаушылар пойызымен апатқа ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем көліктері мен полицейлер келген. Алакөл көліне бара жатқанда, станцияда кептеліс туындаған.

"Қазақстан темір жолы" апат кезінде ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

Жағдайды полицейлер түсіндірді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 24 Шілде, 2023 14:58
Талқылау