Жетісу облысында шенеуніктер заңсыз алған үйлерін қайтарды
Талдықорғанда арнайы комиссияның тексеруінен кейін 14 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалада бір кездері заңсыз берілген 1000-нан астам пәтер мен тұрғын үй тексерілмек.
"Алдағы уақытта барлық қайтарылған пәтерлер қолданыстағы заңнама аясында, қаламыздың кезекте тұрған азаматтарына бөлінеді. Сонымен қатар, бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша 14 пәтер қайтарылып, кезекте тұрғандарға үлестірілгенін хабарлаймыз. Олардың кейбіреулері көшіп кеткен, бірақ пәтерлер олардың атына тіркеліп, бос тұрған. Ал кейбіреулерінде туыстары тұрды", - деп хабарлады Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.
Өз кезегінде ол тәркіленген пәтерлер бұрынғы шенеуніктерге тиесілі екенін растады.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ