Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл ісімді ерлік деп санамаймын": Жетісу облысында ер адам өртеніп жатқан үйден үш баланы аман алып қалды

Жетісу облысында ер адам өрт болып жатқан үйден үш баланы аман алып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еркебулан Айтбаев

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 7 желтоқсан күні сағат 21:40-та Панфилов ауданы, Үлкен ауылында тұрғын үйлердің бірінде өрт болғанын мәлімдеді. Өрт 22:22-де 50 шаршы метр аумақта сөндірілген.

Үйдің өртеніп жатқанын көрген ер адам өрт сөндірушілерге хабар беріп, өрт сөндірушілер келгенге дейін жанып жатқан үйдің балалар бөлмесінен 2010, 2014 және 2018 жылы туылған үш баланы шығарған, сондай-ақ үйде ұйықтап жатқан ата-аналарды үйден шығаруға көмектескен, екі газ баллонын тысқары алып шығып, өз бетімен өртті сөндіруге кіріскен.



Балаларды өрттің аузынан алып қалған қаһарманның есімі олардың көршілері, қызметтен бос уақытында үйде болған Жаркент қаласы ПЧ-11 өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Еркебұлан Айтбаев Тұрғанұлы. Өрттің алдын ала себебі – қатты отынмен жұмыс істейтін пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау. 

Батыр азамат өзінің әрекетін батырлықпен байланыстырмайтынын айтады. Орнымда болған кез келген адам солай жасайтын еді, дейді ол.

"Кезекшіліктен тыс уақытта үйден шықсам, көршімнің үйін өрт шалғанын көрдім. Дереу жүгіріп барып, ұйықтап жатқан үш баласын қауіпсіз жерге алып шығып, әке-шешесіне сыртқа шығуға көмектестім. Және ас бөлмесінен екі газ баллонын байқап, сыртқа алып шықтым. Бұл ісімді мен ерлік деп санамаймын, өрт сөндірушілердің азаматтық борышы деп ойлаймын", –  дейді Еркебұлан Айтбаев.

Талқылау