Таксиге ақша үнемдеп, коммуналдық қызметті бонуспен қалай төлеуге болады? Тиімді банк картасын таңдау жолы
Банк картасы тек сауда-саттық жасауға арналған емес, оған қоса қаржы сауатын арттыруға, ақшаны тиімді басқаруға көмектесетін құрал. Өзіңізге ыңғайлы картаны таңдасаңыз әрі оны дұрыс қолдансаңыз, қаржыға қатысты біраз арман-мақсатыңызды орындайсыз. Stan.kz агенттігі банк карталарын күнделікті өмірде тиімді пайдалану жолдарына тоқталады.
Иллюстрация: Forte.kz
Банк картасын түрлі мақсатта қолдануға болады: саяхат, қаржы жинау, сауда жасау, күнделікті төлемдерді төлеу, кәсіп жүргізу және тағы басқа. Біріншіден, адам картаны таңдамас бұрын өзіне нақты не керек екенін анықтағаны жөн. Екіншіден, картаның артықшыларына мән берген дұрыс. Картаның қаншалық бонустары, мүмкіндігі көп болса, соншалық жақсы. Бүгінгі материалда мақсатқа қарай ыңғайлы картаны таңдауға тырысамыз.
Күнделікті өмірге арналған карта
Қазір көп жерде карта арқылы төлеуге мүмкіндік болған соң, адамдар қолма-қол ақша ұстай бермейді. Дүкеннен нан алсаңыз да, такси немесе метро арқылы қатынасаңыз да, киім сатып алсаңыз да, карта қолдануды, ұялы телефондағы электрон картаны пайдалануды жөн көреміз. Осындай күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттер үшін универсал карта алған тиімді. Бұған Fortebank-тың Blue картасы ыңғайлы. Blue картаны Forte банктың қолданбасы арқылы 5 минутта-ақ жасап алуға болады. Ал әмиянға салып жүретін карта түрін қаласаңыз, банк оны дайындап, үйіңізге не кеңсеңізге апарып бере алады. Тіпті банк бір жыл бойы сізге тегін қызмет көрсетеді.
Айтпақшы, бұл картаны әдетте компаниялар қызметкерлерінің жалақысын төлеу үшін қолданады. Себебі Blue картасынан 7 000 000 теңгеге дейінгі жалақыны комиссиясыз ақша шығарып алуға болады. Жалақы үшін қолданылған Blue картасынан банк қызмет көрсеткені үшін мүлдем ақша алмайды.
Сонымен қатар дүниежүзінің кез келген нүктесінде жүрсеңіз де, Blue картасынан 500 мың теңгеге дейін комиссиясыз ақша шешіп ала аласыз. Оған қоса ай сайын елдің кез келген банкіне 500 мың теңгеге дейін тегін аударуға болады.
Тағы бір артықшылығы – 15%-ға дейін бонус беретінінде. Банк картасы ай сайын бес категория береді. Соның екеуін таңдайсыз.
Мәселен, сіз күнде жұмысқа 1000-1500 теңгеге такси арқылы барасыз делік. Картаңызға кіріп, такси категориясын таңдайсыз. Осыдан кейін әр жол үшін төлеген ақшадан бонус түсіп отырады. Кейін жиналған соманы келесі такси қызметінің ақысы етіп төлей аласыз. Бір сөзбен айтқанда, таксиге тегін мінгендей боласыз. Ал таңертең күніңізді ыстық кофе ішпей бастай алмасаңыз, осыған сай келетін категорияны таңдап, кофеханадан сүйікті сусыныңызды сатып ала беріңіз. Сіз рахаттанып кофе ішкен сайын картаңызға бонустар жинала береді.
Иллюстрация: Forte.kz
Несиеге арналған карта
ForteBank-тың Black картасы өзінің көптеген артықшылығының арқасында Қазақстан нарығындағы ең тиімді несие карталарының бірі болып саналады. Себебі оның несиелік лимиті жоғары. Қолданушы ең әуелі Black картасынан несие шотын ашу үшін өтініш жібереді. Кейін сол шот арқылы өзі армандап жүрген, бірақ ақшасы жетпей жүрген затын сатып ала алады. Несие шотынан 50 000 теңгеден бастап 3 000 000 теңгеге дейін қаражат жұмсауына болады. Кейін оны 90 күн ішінде пайызсыз қайтара алады.
Бұл карта адамға тек ақша жұмсауға емес, оны еселеуге де мүмкіндік береді. Оны қалай істеуге болатынын мысал арқылы түсіндірейік:
Мәселен, Black картаңыз және 500 мың теңгеңіз бар делік. Картаңыздың депозит шотына 500 мың теңгені салып қоясыз да, күнделікті қажетіңізге картаның несие шотының ақшасын жұмсап жүресіз. Сіз банк картасындағы ақшаны жұмсап жүргенде депозиттегі ақшаңызға пайыз қосылып, еселене береді. Ал Black картасы сізге қарызды ешқандай пайызсыз қайтаруға 90 күн береді. Ақшаңызды көбейтіп алған соң, шамамен екі-екі жарым айдан соң әлгі картадан алған қарызыңызды төлейсіз. Қанша жұмсадыңыз, сонша қайтарасыз. Бастысы, 90 күннің ішінде өтесеңіз болғаны. Сонда қарызыңыз да өтелді, ақшаңыз да көбейді!
Банк картаны тегін жасап береді және алғашқы жылы тегін қызмет көрсетеді. Ал дәл осы карта арқылы жалақы алсаңыз, банк жыл сайынғы қызметі үшін мүлдем ақша сұрамайды. Картаңызды алу үшін банк бөлімшесіне барып, ұзын-сонар кезекте тұрып, уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Себебі банк картаңызды үйіңізге не кеңсеңізге апарып береді.
ForteBank-тың Black картасы көп бонусты, ыңғайлы несие шарттарын және қаржысын оңай басқарғанды бағалайтындарға арналған. Карта 15%-ға дейін бонус береді. Бонус шарты дәл Blue картаныкіндей. Осылай, қолданушы ай сайын 30 000 теңгеге дейін бонус жинап отыра алады. Ал бұл аз сома емес.
Иллюстрация: Forte.kz
Саяхатқа арналған карта
Әлемнің түкпір-түкпірін шарлағанды ұнататын жиһанкез болсаңыз, шетелде ақша айырбастау, ақша шығару сәл әуреге салатын іс екенін білетін шығарсыз. Қаражатыңызды дұрыс есептемесеңіз, ұтылып қалуыңыз да мүмкін. Дегенмен мұның енді оңай жолы бар. Ол үшін жай ғана Travel картасын қолданған жөн. Бұл картаның артықшылығы туралы бұған дейін жазған едік.
Тілшіміз Travel картасын сынап мынадай артықшылықтарын жазып өтті. Ең әуелі әуежайда қолданған ұтымды. Әуежайдағы ығы-жығы адам, ұзын-сонар кезек, рейсті күту шаршатады. Ал қолыңызда Travel картасы болса, өз рейсіңізді әуежайдың бизнес залында 10 рет тегін күтіп, тыныға аласыз. Оған қоса тегін интернет, электрон пошта қолданасыз, сусын ішіп, тіскебасар жей аласыз. Қай елде, қай материкте болсаңызда, картаңыздан 750 мың теңгеге дейін комиссиясыз шешіп ала аласыз. Сондықтан еш алаңдамай, ақшаңызды бөліп-бөліп алып отыруыңызға болады. Оған қоса бұл картада консьерж-жүйе бар. Бұл жүйе карта иесіне кез келген уақытта жайлы қонақүй табуға, ұшақ билетін алуға және тағы басқаға көмектеседі.
Балаға ақша жұмсауды үйрететін карта
Баланы қаржы сауатына кішкентайынан үйрету керек. Сонда бала еркін, жауапты болып өседі. Ол үшін ақшаны баланың қолына берген абзал дейді мамандар. Fortebank мұны ескеріп, балаларға арналған карта шығарды. Енді 6-18 жас аралығындағы балалардың өзінің онлайн әмияны болады. Олар елдегі банктерден картасынан 30 000 теңгеге дейін комиссиясыз ақша шеше алады және аудара алады. Ал қаражаты бітсе, ата-анасына хабарласып жүрмей-ақ, онлайн ала алады. Ал ата-анасы баласын әлі кішкентай деп есептесе, қосымша оның қаражатын басқарып отыра алады. Мәселен, ай сайын жұмсайтын ақшасына шектеу қоюына болады.
Балақайлар да өз картасы арқылы 15%-ға дейін берілетін бонустар жинай алады. Сөйтіп олар өзінің алғашқы табысын табуды үйренеді.
Иллюстрация: Forte.kz
Шоппинг, массаж, ұшақ: Forte карталары тағы қандай ерекшелігімен қуанта алады?
Қазақстандағы танымал бренд киіміне, қарбалас жұмыс күнінен кейінгі тай массажына, пайдалы әрі сізді одан әрі әдемі ететін косметикаларға, денеңізді тонуста ұстау үшін жаттығу залдарына және тағы басқа жеңілдік алғыңыз келе ме? Шетелден үй алғыңыз келе ме, әлде жылжымайтын мүлік саласына инвестиция құйюға дайынсыз ба? Онда бонустар мен жеңілдіктер, пайдалы кеңестер беретін Fortepremier жүйесіне қосылып, серіктес атаныңыз.
Мұнда премиялық қызмет ұсынатын карталар туралы толығырақ біле аласыз.
№1.2.29/197/36 лицензиясы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 03.03.20 жылы берілген.