Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер сілкінісінен кейін Есік тұрғындарына әуе дабылы мен радиациялық қауіп туралы ескерту келді

Жер асты дүпуінен кейін әуе дабылы мен радиациялық қауіп туралы ескерту Алматы облысы Есік қаласының тұрғындарының зәресін алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pexels.com

Жергілікті тұрғындарға өздерімен бірге қорғаныс құралдары мен азық-түлік қорын алуға және йод қосылған дәрі-дәрмектерді қабылдауға кеңес берді. 

“Әуедегі қарсыластың тікелей шабуыл қаупі бар! Өзіңізбен бірге қорғаныс құралдарын, азық-түлік, су және жеке құжаттарды алып алыңыздар! Радиациялық қауіп, радиациялық қауіп. Радиация деңгейі жоғарылады”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар тұрғындарды ашық жерлерден аулақ болуға және үйлерін саңылаусыздандыруға шақырды. Дабыл жер сілкінісінен кейін бірден қосылды. Алматы облысында бір күн бұрын жерасты дүмпуі болып, куаты 4 балл деп тіркелген еді.

Жер сілкінісінен зәресі қалмаған тұрғындар ғимараттардан шығып, бас сауғалады. Мектептер мен балабақшалардағы балалар шұғыл эвакуацияланды. Ал кейбір оқу орындарында сабақ мүлдем тоқтады. 



Төтенше жағдайлар департаменті әуе дабылы мен радиация туралы хабарлама абайсызда қате жіберілгенін мәлімдеді. Басқарма мұны техникалық ақау деп түсіндірді.

“Ақпараттық хабарламаны жариялау кезінде сирена-сөйлеу құрылғыларының жұмысында техникалық ақау пайда болды. Қазір тиісті мамандар көрсетілген жабдықтың ақауының себебін анықтап, оны қалпына келтіріп жатыр”, – деді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Әйгерім Қаныбекқызы.

Еске салсақ, 5 қараша күні Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары жел сілкінісін сезді. Алматылықтар жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама алмаған, төтенше жағдайлар министрлігі хабарламаның не себепті келмегенін түсіндірді. 

Талқылау