Басты жаңалықтар
Жеңілдіктер ескерілмеді: Көкшетаудағы мектеп асханаларында оқушыларға тамақ қымбатқа сатылған
Көкшетау қаласындағы мектеп асханаларында балалардан артық ақша алған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Бұл бұзушылықтарды қала прокуратурасы анықтады. Өңірдің білім беру мекемелерінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде оқушылар үшін тамақтану бағасы он пайызға төмендетілуі тиіс еді.
Қаланың он бес мектебінде оқушыларға карта арқылы төлем жасауға мүмкіндік берілмеді. Осыған байланысты он үш мыңға жуық оқушы түскі асқа артық ақша төлеген. Сонымен қатар, басқа он мектепте жеңілдіктер мүлдем ескерілмей, тамақты оқушыларға қымбатына сатқан. Жергілікті білім басқармасы әлі жағдайға пікір білдірмеді.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған