Тоқаев халықтың неліктен наразы екенін түсіндірді
Елімізде жемқорлықтың бәсеңдеуі байқалмай, үкіметті алаңдатуда. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сыбайлас жемқорлық жөнінде жүйелі түрде ескертіп отыруға ерекше мән берген жөн. Осыған орай, түрлі саладағы жемқорлыққа жол ашатын жағдайларға сапалы талдау жасау керек. Заң барлық мемлекеттік органдарға түйткілді тұстарды өз бетінше анықтап, жоюға міндеттейді. Алайда, бұл жұмыс жүріп жатқан жоқ. Мұндай әрекетсіздік жақсылыққа апармайды. Дер кезінде алдын алу және ескерту жұмысы жүргізілмесе, жемқорлық деген кесел көптеген адамның жарқын келешегіне балта шабуы әбден мүмкін", - деді президент.
Тоқаевтың айтуынша, жемқорлықпен күрестегі әрекетсіздік азаматтар тарапынан наразылық көңіл-күйі мен құқықтық нигилизмнің өршуіне алып келеді. Жемқорлық деңгейі барынша жоғары өңірлерде әдетте жаппай сипаттағы қылмыстық көріністердің де орын алу тосын сәйкестік болуы мүмкін емес. Ал бүгінгі бағалаулар белгілі бір министрліктегі анықталған парақорлық фактілері санына ғана негізделіп отыр.
"Басшы өз қызметкерлерінің заң бұзушылығын жасырмауы керек. Сондықтан, оны тек жазаға тартудан бөлек, ынталандыру да маңызды. Бұл алдын ала жүйелі шаралар қабылдауға айтарлықтай септігін тигізеді. Әрбір әкім және министр жұмсалған қаражатқа ғана емес, оны дұрыс жоспарлауға да жауапты болуға тиіс. Нақ осы тұста сыбайлас жемқорлыққа бару қатері көп болуы мүмкін. Сондықтан, әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі. Бас прокуратураға осындай бағалау жүйесін әзірлеуді тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
