Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде әрбір қазақстандыққа өтемақы төленетіні туралы ақпарат пайда болды

Әлеуметтік желілерде “әрбір қазақстандыққа төленетін өтемақы” туралы ақпарат тарады. Ақпаратқа қарағанда, Қазақстанның әрбір тұрғынына 150 мың теңгеден бастап өтемақы беріледі. Бұл ақпарат – фейк, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

телефон

Бейнероликте пайдаланушыларға "Төленбеген ақша қаражатын Қайтарудың Ресми Өтемақы Орталығы" – ТАҚҚ РӨО сайтына апаратын сілтеме бойынша өту ұсынылады. Онда сатып алу кезінде банк картасын қолданған пайдаланушыларға салықтың қайтарылатыны айтылады. Ол үшін нұсқаулыққа сәйкес сауалнаманы толтырып, деректерді және өтемақы алу тиісті карта деректерін көрсету керек.

“Олай істеуге болмайды. ТАҚҚ РӨО – бұл бұрыннан белгілі алаяқтық схема, оның көмегімен қылмыскерлер ақшаңызды иемденуі мүмкін. Мұндай төлем жасау жарнамасы бұрған дейін Ресей мен Беларуссияда таралған болатын”, – делінген ақпаратта.



Дереккөз Қазақстанда мұндай видеолар 2020 жылы болғанын атап өтеді. Оларды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ресми түрде теріске шығарған.

“Демек, әрбір қазақстандыққа өтемақы төленетіні туралы таралған ақпаратқа сенбеген жөн. "Төлемдер туралы қаулы" туралы ақпарат ҚР мемлекеттік органдарының ресми сайттарында да, БАҚ-та да жоқ”, – дейді мамандар.

Талқылау