Жексен мен Халоков айқасында жеңіс өзбек боксшысына бұйырды
Фото: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Бейбарыс Жексен әлем чемпионатының ширек финалында өзбекстандық Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоковтан жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты Ливерпуль қаласында жалғасуда. Қазақстандық боксшы Бейбарыс Жексен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) ширек финалда жұдырықтасты.
Жекпе-жек басынан бастап атақты қарсыластың бақылауында өтті. Алғашқы раундты төрешілер бірауыздан (5:0) Халоковқа берді. Екінші үш минуттық кезең де өзбек боксшысының еншісіне жазылды. Соңғы раундта Халоков тәуекелге бармай, сақ ойнады да, айқын жеңіске жетті.
Осылайша, Абдумалик Халоков жартылай финалға шығып, кемінде қола жүлдені қоржынына салды. Ал Бейбарыс Жексен өз жолын ширек финал сатысында аяқтады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

