Төрехан Сабырхан жартылай финалға жолдама алды
Фото: KBF media
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
70 келіге дейінгі салмақта ол француз Макан Траормен кездесіп, алғашқы раундты 3:2 есебімен өз пайдасына жазды. Екінші кезеңде Сабырхан қарсыласынан айқын басым түсті – 5:0. Үшінші раундта да қазақстандық боксшы қарқынын бәсеңдетпей, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ.
Осылайша, Төрехан Сабырхан жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлдені қоржынға салды.
Айта кетейік, ол Азия құрлығының тарихында төрт мәрте жасөспірімдер мен жастар чемпионатында алтын алған жалғыз боксшы болып саналады.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”

