"Жедел штаб құрылды": Ақтөбе билігі жібек құрттарды улауды қолға ала бастады
Ақтөбенің билігі қаладағы зиянкестермен күресу басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Шенеуніктер жауыннан кейін толып кеткен жұлдыз құрттарды зерттеу мен улау үшін облыс әкімшілігінде жедел штаб құрылғанын айтады. Штабқа облыстық ауылшаруашылық басқармасы, ауылшаруашылығы министрлігінің аймақтық инспекциясы және методиялық орталықтың мамандары кірген.
Қазіргі күні шалғын көбелектерге қарсы облыс аумағындағы 35 мың гектар жерге өңдеу жұмыстары жүргізілген. Алайда мамандар оған қанша қаражаттың жұмсалғанын айтпады. Ал қала бойынша 27 гектар жер дәріленген. Оған қоса әкімдіктегілер тұрғындарға улау әдісін де үйретіп жатыр екен. Мамандар алдағы 3-5 күн аралығында ауа температурсы жоғары болып, жаңбыр жаумаса шөп талғамай кеміретін құрттар азаюы мүмкін дейді.
“Жалпы істейтін жұмыстарды екі бағытқа бөліп жатырмыз. Бірінші бағыт – ол тұрғын алқаптарының айналасын зиянкестер жан-жақтан келмесін деп оның айналасын үлкен газогенераторлармен улап шығу. Ал, егер жеке үй тұрғындарынан шағым келіп түссе, онда ол жаққа арнайы қызметкерлерді жібереміз”, – дейді Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Мұрат Тоқболатов.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
