Жазира Байырбекова: Тұрмысқа шыққанда мені дуалап тастады, мен қатты ауырдым
Жазира Байырбекова өзіне қастандық жасаушылардың көптігін айтты. Жақында ғана ине мен жіп арқылы дуа жасалғанын сөз етті. Алайда өзіне кімнің қастандық етіп жүргенін зерттемейтінін алға тартады.
Бұл туралы Алматы арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабалайды.
Жазира Байырбекова өзінің сән-салонына әлдекімнің ине мен жіп тастап, өзін дуалап кеткенін айтқан еді. Әнші әлдекімнің ине мен қырқылған жіптерді матаға орап тастап кеткенін жария етті. Әншінің көмекшілері ине мен қырқылған жіптерді суға ағызып жіберген екен. Әншінің өзі мұның бірінші оқиға емес екенін айтады.
"Мен жаңадан тұрмысқа шыққанда да, 20 жыл бұрын, 25 жыл бұрын да осындай нәрселерді көргенмін. Дуаламақшы болғандар, қастандық ойлағандар көп болды. Мен талай ауырып тұрдым. Бірақ маған дұшпандық етіп жүрген кім екен деп іздеп көрмедім. Оны тексеріп жатпадым. Алла бәрін көруші. Алла бәрінің есебін береді. Сондықтан ойыма алмаймын", - деді әнші.
- Бір әулеттің 7 келіні: Жазира Байырбекова абысындарын көрсетті
- "Түстерім аяни болып шығады": Қарағанды тұрғыны Жазира Байырбекованың босанатынын түсінде көрген
Желі қолданушылары мұның қастандық ойлағандардың ісі екенін анық айтып жатыр.
"Бұл дуалаушылардың ісі, көре алмайтындардың жасап жүргені", "Біреуді дуалаушылар осылай түйіншекке орайды, "Мән бермеңіз, имамға барып дем салғызыңыз", "Оңбаған адамдар да болады екен ғой", "Әркім жасаған жаманшылығы үшін жауап береді, өмір кезек", "Дұға етіңіз, дем салдырыңыз, Құран оқыңыз", "Түйіншекті суға ағызып жіберіңіз", - деп кеңес айтты жанашырлары.
Жазира Байырбекова ұлы Қазбектің бизнес саласында жұмыс істеп жатқанын айтты. Қазбектің икемі бизнесте ғана емес, ұйымдастырушылық салада жақсы көрінеді. Өзін ғана емес, туыстарын да жұмыспен қамтып отыр.
"Қазбек өзін көрсеткенді қаламайды. Бизнесте жүр. Жұмысы жақсы жүріп жатыр. Бізге қолғабыс етіп жүр. Біздің әншіліктен бөлек жұмыстарымыздың бәріне жауап береді", - деді анасы.