AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова: Келін алсам, оны енем тәрбиелейді

Жазира Байырбекова келін мен ене, отбасы туралы айтты. Келін болғанына 26 жыл толған әнші әлі де ененің мысы басады дейді. Алайда өз келінін де енесінің тәрбиесіне бергісі келеді. 

Төреғалимен құда болған жоқпыз

Бұл туралы “Түнгі хабар” бағдарламасында айтылды. 

19 жасында келін атанған Жазира Байырбекова бүгінде ене атанудың аз-ақ алдында. Әнші келінді болуды армандап жүр. 

“Ұлыма 6 жылдан бері айтып келемін. Үйленетін уақытың болды, келін әкел деп айтып жүрмін. Ұлым 25 жаста. Өзім 19 жасымда келін болғанмын. 26 жыл болды. Ұлымыздың да ерте үйленгенін қаладық. Бірақ болмай жатыр. Келін алсақ, оны өз енем тәрбиелейді. Енеме “Немере келініңіз келгенше, өзіңізді күтіңіз. Мені тәрбиелегендей келінімді де тәрбиелеңіз. Маған үйреткеніңізді келініңізге үйретесіз. Оған дейін ауырмай, аман жүріңізші” деп айтамын. Себебі үйде ененің жүргенінің өзі бір тәрбие. Үйде үлкен кісінің болғаны жақсы. Кез келген келін солай деп ойлаймын. Мысалы, үйде енем болса, ол кісі маған ұрыспаса да, мен жинақы жүремін. Жауапкершілікті сезінемін. Тамағым дұрыс болмаса, алаңдап қаламын. Енем жоқ болса, олай уайымдамаймын дегендей”, – деді әнші. 

Жазира Байырбекова ата-енеге деген құрметін осылай білдірді. Жолдасымен жұбы жазылмай жүрген әнші бұдан кейін екі бөлек сұхбат беретінін айтты. 

“Мен өзімді кейде қартайып қалдым ба деп қорқып кетемін. Келін болғаныма 26 жыл болды. Бала күнімде Мәдина Ералиеваға, кейін Жанар Айжановаға еліктеп өстім. Еліктегеннен кейін өнерге келген адаммын. Жанар Айжанованы сырттай ұстазым сезінемін. Одан бері қанша уақыт өтті”, – деді Байырбекова. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр