Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда бұрын-соңды болмаған эпидемия салдарынан 3 миллион адам тұмауға шалдықты

Жапонияда тұмау індеті өршіп тұр. Қазіргі уақытта вирусты 2,83 млн адам жұқтырған. Сондай-ақ, елде дәрігерлердің тапшылығы байқалады, деп хабарлайды Белта ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz.

“Қазіргі уақытта тұмауға шалдыққан 52 науқасқа бір дәрігерден келеді. Тіпті Косю аралында бір дәрігер 80 сырқатты емдеп жатыр”, – дейді Жапонияның Денсаулық, еңбек және әл-ауқат министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы аптада Жапонияда тұмау індетін жұқтырғандардың саны 1 миллион адамға артқан.

Денсаулық, еңбек және әл-ауқат министрлігі ел тұрғындарына адам көп шоғырланған жерлерге бармауға, бетперде тағып жүруге және қолды жиі жууға кеңес берді.

Оқи отырыңыз:

Әйел студентпін деп 20 жыл бойы жатақханада тұрып келген

Үндістандық өзінің пойыз астына түскенін таспаға түсіріп алды (видео)

Адам сияқты жүретін бұзау жұрттың зәресін ұшырды (видео)

Автокөлік қағып кеткен әйел орнынан тұрып кетіп қалды (видео)

Талқылау