Автокөлік қағып кеткен әйел орнынан тұрып кетіп қалды (видео)
Ярославльда автокөлік жүргізушісі жасыл жолақпен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Оқиға 18 қаңтар күні таңертең болған және бақылау камерасына түсіп қалған.

Жәбірленуші орнынан тұрып, артына қарамастан кетіп қалған. Ол, тіпті көліктен түспеген жүргізушіге де мән бермеген. Автокөлік жұргізушісі орнында біраз уақыт тұрып, өз жөніне кеткен-ді.
Видеоны көрген желі қолданушылардың бірі: “Қыз өзін көлік қағып кеткеніне қарамады… таңғы зомби екен!” – деп пікір қалдырған.
Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар өзі кетіп қалып, артынша шағымданған әйелге жағымсыз пікірлерін жаудыруда. Алғашқыда жол-көлік оқиғасына мән бермей кете барған әйел артынша әлеуметтік желіде: «Менің қабырғаларым сынған, жол апатын көрген куәгерлерді іздестіруге көмек берсеңіздер», – деп жазба қалдырған.
Алматы мен Шымкентте тұрғын үй бағасы төмендеп кетті: Бұған не себеп
Алматы мен Шымкентте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 1,8% төмендеп, Астанада 3,8% өскен
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді