Экология және табиғи ресурстар министрлігі жұмыс кестесін өзгертті
Экология және табиғи ресурстар министрлігі жұмыс кестесін өзгертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
18 сәуірден бастап экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері таңғы 8:00-ден кешкі 17:30-ға дейін жұмыс істейді.
Жаңа жұмыс кестесі тек орталық мемлекеттік органда ғана емес, сонымен қатар министрлікке қарасты ведомстволық мекемелер мен аумақтық бөлімшелерде де қолданылады.
"Жұмыс күні сағат 8:00-де басталып, 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс және демалыс уақыты 13:00-ден 14:30-ға дейін", – делінген министрліктің ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда тағы бір облыс жаңа жұмыс кестесіне көшетінін жазған едік.
Қазақ халқының қандай тарихи жарақаттары бар және олар шынымен де бізге әсер ете ме?
Тарихи жарақатымызды басқа ұлттан көрмеуіміз керек
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты
Кейіпкердің 15 миллион теңге берешегі болған