Адам сияқты жүретін бұзау жұрттың зәресін ұшырды (видео)
Индонезиядағы ауылдардың бірінде алдыңғы аяқтары жетілмей қалған бұзау өмір сүреді. Артқы екі аяғымен адам сияқты жүретін бұзау туралы видео желіде тарап кетті.

Бұл туралы The Daily Mail хабарлады.
Видеода бұзау тепе-теңдікті әрең сақтап, артқы аяқтарымен ептеп жүріп келе жатқаны көрінеді. Жануардың құлап қалмауын ер адам бақылап тұр.
Бойы адамның иығынан келетін бұзау әлеуметтік желі қолданушыларының таңданысын туғызды.
Әлемде мұндай ауытқушылығы бар жануарлар жиі кездеседі. Бұдан бұрын Пәкістандағы фермалардың бірінде екі басты, ал Үндістанда түрі адамға ұқсайтын бұзау туған болатын.
Тағы оқыңыз:
Дәрігер спортшыларға зорлық көрсеткені үшін 175 жылға сотталды (видео)
Филиппин президенті 3 мыңнан астам нашақор мен есірткі саудагерін өлтірген
Қытай теміржолшылары 9 сағатта үш ірі теміржол желісін байланыстырды (видео)
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды