Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай теміржолшылары 9 сағатта үш ірі теміржол желісін байланыстырды (видео)

Қытайда темір жол қызметкерлері 9 сағаттың ішінде темір жол торабын салып тастады. Қызметкерлердің жұмыла жұмыс істеп жатқан кездегі видеосы жарияланды. Бұл туралы bigpicture жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қаңтардың 19-нан 20-на қараған түні 1500 жұмысшы үш ірі теміржол желісін байланыстырды. Ганьлун, Ганьжуйлун және Джанлун жолдарын жаңа Наньлун желісіне қосты. Бір түнде жол салынып қана қоймай жол бойына бағдаршамдар мен қозғаалысты бақылау құрылғылары орнатылды.

“Бұл жоба аз уақытта аяқталды. Қызметкерлер бір мезгілде әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін жеті бригадаға бөлінді. Жұмыс барысы видеоға түсірілді”, -дейді Tiesiju Civil Engineering жұмысшылар тобы басшысының орынбасары Джань Даосун.

Қазір компания Оңтүстік-Шығыс пен Орталық Қытай арасындағы негізгі көлік жүйесіне айналатын темір жолдың 246-шақырымдық құрылысын салып жатыр. Жұмысты 2018 жылдың соңында аяқтау жоспарланған.

Тағы оқыңыз:

Астана мектептерінің бірінде жыныстық қатынасқа түсу жолдарын үйрететін парақшалар таратылған

Ақтөбеде мектеп оқушыларына бөдене жұмыртқасы мен ешкі сүтін беруі мүмкін

Шымкентте несиесін жабу үшін банк тонаған азамат сотталды

 

Талқылау