Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана мектептерінің бірінде жыныстық қатынасқа түсу жолдарын үйрететін парақшалар таратылған

Астана мектептерінде оқушыларға жыныстық қатынасқа түсудің жолдарын бүге-шүгесіне дейін үйрететін парақшалар таратылған. Сонымен қоса, тегін мүшеқаптар берілген.

Бұл туралы “Еуразия” арнасында хабарлады.

Брошюралардың бірі астаналық Гүлбану Әбенованың қолына түскен. Қазақ қоғамында аса көп талқылана бермейтін тақырыптың осылайша анайы түрде берілгені ашуымды тудырды, дейді ол.

“Алғашында таң қалдым әрине. Презервативті (мүшеқап) қалай қолдану керек? Мәселе бізге ұнамағаны жігіттерді қанағаттандыру туралы айтыпты. Жігіттерге ондай лекция болмаған, тек қыздарға. Менде 15 жастағы қыз тәрбиелеп отырмын, оның қолына мұндай қағаз түскенін қалмаушы едім” – дейді қала тұрғыны Гүлбану Әбенова.

Осылайша, әбден ашынған ана сексуалдық қарым-қатынасты суреттейтін парақшаның түпнұсқасын әлеуметтік желіге жариялады. Желі қолданушыларының пікір де екіге бөлінген. Бірі дұрыс десе, екіншісі “сұмдық” деген ойлар қалдырған.

“Мынау біздің мəдениетке тіпті ерсі. Бəрінің де шегі бар! Енді қалғаны осы еді. Бұрын өзіміздің класс жетекшілеріміз қыздарды бөлек,ұлдарды бөлек шақырып,əңгімелесіп ақ жеткізетін еді “, -дейді Күләнда Батырбекова есімді желі қолданушысы.

“Біздің қоғамда не болып жатыр? Менің әпкемнің айтуынша, ауылдағы 5-ші сынып оқушылары жыныстық қатынасқа түсіп жатыр екен. Тіпті, қоңырау кезінде балалардың үстінен бірнеше мәрте түскен”, – дейді желі қолданушысы Назгүл Жәрдембек.

Қалалық мектептердің бірінде ерте жүктілікті алдын алу бойынша қыздарға дәріс оқылғаны белгілі болды. Ал, анайы түрде жазылған қағазды бойжеткендердің қолдарына мамандардың өздері ұстатқан.

“Негізі емханада орналасқан “Салауатты өмір салтын қалыптастыру” орталығынан келген жарнамалар ғой. Қажет дәрістер ғой былайша, бірақ әрине мазмұны жас ерекшелігіне сай жасалу керек болатын” – дейді қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова.

Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, кәмелет жасқа толмаған жастарға жыныстық қатынасқа түсу жолдарын бүге-шүгесіне дейін үйрететін парақша алдын- ала тексерістен өтпеген. Себебі, 14-16 жастағы оқушыларға өткізілетін кез-келген дәріс пен түсіндірме парақшалары арнайы орталық мамандарының бақылауынан өтуі қажет.

«Бұл ақпарат бойынша біз ешқандай мәлімет алған жоқпыз. Ақпаратта көрсетілген мынау ҚПМА тек соларға арналған. Бұл балалар үшін емес,тек қана медицина қызметкерлері үшін ұсыныс ретінде ұсынылған. 100 пайыз айта аламыз мектеп оқушылар үшін жастар үшін ақпараттық қағаз болып табылмайды” – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының жанұяны жоспарлау жөніндегі бас маманы Жанерке Ажетова.

Білім және ғылым министрлігі де бұл мәселеден хабардар болып шықты. Вице министрдің айтуынша, аталмыш мәселеге қатысы бар қызметкерлердің бәрінен жауап алынып, мектептерде арнайы қызметтік тергеу жұмыстарын бастамақ.

“Бүгін біз қызметтік тергеу жұмыстарын жүргіземіз. Бізде білім басқармасын бақылау комитеті бар. Олар парақшаны кім жазғанын, кім оны таратуға пәрмен бергенін анықтайды” – дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

Осылайша, құлаққа тұрпайы естілетін мәселенің шығуына әзірге кім кінәлі екені белгісіз. Тек, алдағы уақытта мектеп оқушыларына өткізілетін дәрістер, семинаралар жіті сүзгіден өткізілмек.

Тағы оқыңыз:

Шымкентте аяз қарсаңында бәйшешек гүлдеді

Аязды күні шешініп тастап билеген астаналық қыздар желіні шулатты (видео)

Алматы облысында бір айдан бері көмір отыны тапшы

Аязды күні автокөлік жүргізушілері нені есте сақтау керек?

Талқылау