AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа квартал елорданың ең жасыл GreenLine экополисінде салынуда

BI Group инновациялық құрылыс холдингінің GreenLine.FreeDom жаңа кварталы елорданың сол жағалауында пайда болады.

Бұл аймақ жайлы өмір сүру үшін барлық нәрсені қамтамасыз ететін үлкен экополистің бір бөлігіне айналмақ: мектептер, медициналық және спорттық мекемелер, көлдері бар саябақ аймақтары, желекжолдар, сауда орталықтары. Жобаның бірінші кезегінің 186 бақытты қоныстанушысы пәтер кілттерін алып, өз таңдауының барлық артықшылықтарын бағалады.

Алайда, енді дәстүрлі кілттердің орнына есіктерді ашу үшін карталар қолданылатын болады. Прогрессивті құрылыс салушылар жаңа ғимараттарда ыңғайлы және сенімді электронды құлыптар орнатады. GreenLine.FreeDom-да пәтерлердің есіктері екі жолмен ашылады: карта немесе код арқылы. Жоба командасы стандартты кіреберістер орнына авторлық дизайны мен ыңғайлы навигациясы бар ерекше кең залдарды ұсынып отыр. Әр алаңда – ауданы 38-ден 119 шаршы метрге дейін 4-тен 6-ға дейін пәтерлер орналасқан. 

"Пәтерлерде біздің команда бірегей шешімдерді пайдаланады. Мысалы, үлкейтілген терезе және есік ойықтары, төмен орналасқан терезе алды тақтайлары, сондай-ақ артық бұрыштары жоқ эргономикалық кеңістіктер. Еденді дыбыстық оқшаулау үшін минералды плита қолданылды. Алаңдағы пәтерлер арасында шуды оқшаулаудың жаңа технологиясы енгізілді", – дейді жобаның бақыт менеджері Игилик Аканов. 

Кешен фасадының  күрделі, әрі әдемі дизайны кез келгенді қызықтырады. Сонымен қатар кондиционерлер үшін себеттер қарастырылған. 

Тұжырымдама бойынша, мұнда барлық жастағы тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, кең аула құрылған: ойын, workout және рекреациялық аймақтар, футбол алаңы, машиналар үшін шектеулі қолжетімділік, бейнебақылау, сондай-ақ көп деңгейлі жарықтандыру.

Пандемияға қарамастан, құрылысшылар FreeDom кварталының бірінші кезегін уақытында аяқтады. Ал қазан айында жобаның кезекті кезегін тапсыру жоспарланып отыр.

Осылайша, BI Group клиентке жай ғана пәтер сатпайды – тұрғын үймен бірге клиент үлкен экожүйеге және дамыған инфрақұрылымға қол жеткізе алады. Бұл аумақты кешенді дамыту тұжырымдамасы (КДТ) деп аталады, оны құрылыс салушы белсенді түрде жүзеге асырады. Дамудың мүлдем басқа деңгейі қазір тек бизнес шеңберінен шығатын жаһандық мәселелерді шешеді, ол маңызды әлеуметтік миссияны орындайды. КДТ шеңберінде компания ойластырылған инфрақұрылым – аудан ішіндегі жолдардың ыңғайлы жүйесін, оқуға және жұмыс істеуге арналған объектілерді, демалуға арналған орындарды жасайды және өз қаражаты есебінен ауданды көгалдандырады. Барлық қажетті орындар үйге жақын жерде орналасқан. BI Group елордада  үш ауқымды – GreenLine, Capital Park және NEXPO жобасын жүзеге асыруда. Жобалардың әрқайсысы жаңа өмір үшін өзін-өзі қамтамасыз ететін және автономды аумақ болып табылады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр