Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"18 жасыңа жаңа көлік пен пәтер": Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызының туған күнін Мальдив аралдарында тойлады

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызына ерекше сыйлық жасадыФото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал әнші Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызы Сезімнің 18 жас туған күніне жаңа көлік пен пәтер сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жұлдызды жұп қызы Сезімнің 18 жасқа толған туған күнін отбасымен бірге Малдив аралдарында атап өтті. Қызының қалауымен олар демалысты тек жақындарының арасында өткізген. Саяхат сәттерін Жұлдыз Әбдукәрімова желідегі парақшасында көрсетті.

“Негізі Сезімнің болмысы бөлек. Артық шуды, артық әрекетті, көп сөзді ұнатпайды. Өте мейірімді, Англияға оқуға түскелі мінезі де өзгеріп келеді. Тым бауырмал, аса сезімтал болған. Отбасымен ғана өткізетін уақытты қатты бағалайды. Ақылдым, тұңғышым, туған күніңмен. Өзіңдегі еркіндік, қарапайымдық пен кең жүрегің сондай әдемі. Өмір жолың ашық болсын, кәмелетке толған менің үлкен бөпем”, – деп жазды ол.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызына ерекше сыйлық жасадыСондай-ақ әнші Қайрат Нұртас қызы Сезім Нұртастың 18 жасқа толуына орай ерекше сән-салтанатты сыйлық жасады. 

“Біз сені қатты жақсы көреміз, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Біз сені қадірлейміз әрі алғыс айтамыз. Аман бол!” – деп тілек айтты әнші.

Өнер иесі бұған дейін қызына берген уәдесін орындағанын айтып, оған автокөлік пен пәтер сыйлағанын мәлімдеді.

“Қызым, кәмелет жасқа толуың құтты болсын. 18 жасқа толсаң да біз үшін әлі баласың. Мен саған осы жасқа келгенде көлік пен пәтер алып беремін деп уәде еткен едім. Соның бәрі қазір дайын. Сен соған лайықсың. Менің осындай қызым бар екеніне бақыттымын”, – деді әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың кенжесімен жариялаған видеосы жұрттың жүрегін елжіреткені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 08 Қаңтар, 2026 15:51