Жалмауыз да бір кездері қыз болған: Роза Әлқожа толықтығын сынағандарға жауап берді

Артық салмақтан қашан арыласың? Дәл осы сұрақ Роза Әлқожаны әбден мезі еткен. Әншінің айтуынша, ерінбеген кісінің әрқайсысы оған “толықтығы” жайлы еске салады. Елдің сөзінен шаршаған әнші қазіргі уақытта арықтауға бел буған. Тек бұған дейін бес баламен мүмкіндік болмағанын айтады.

Роза Әлқожа

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Маған көбіне “арықта” деген коментарийлер жазылады. Бойым 1 м 61 см болғандықтан, салмағым да соған сәйкес болуы керек негізі.

Жақында бір журналист сұхбат алды. Төрт сұрағы толықтыққа байланысты екен. Күлдім де жауап бердім.
Адамда ең бірінші өнерге деген тазалық болуы керек. Яғни шынайы махаббат. Есепсіз. Өнерді өзіне пайдалану емес. Өнерге қызмет ету. Сол кезде ғана атақтың құрбаны болмайсың. Жүректен шыққан дүние жанарыңнан көрініп тұрады. Ал, дауыс – жанның үні.

Егер сенде дауыс болып, парасат болмаса біздің елге ұнай қоюың екіталай. Әр құс өз ағашында бұлбұл. Басқа жер дәл солай қадірлемеуі мүмкін. Сымбатың мен сәнің келісіп жатса нұр үстіне нұр әрине. Бірақ солай екен деп пенде ретінде ештеңе тындырмасаң, ол да құдайға қарсы келу.

Маған анам “кім болайын?” дегенде “сен келін бол” деді.

Сондықтан да мен ең бірінші келін болуды, сосын арманымды жүзеге асыруды армандадым. Сол үшін де әнімді түсінетін адамға тағдырымды тапсырдым.

Ал, енді келінге, анаға ең бірінші барған жерінің жағдайы, қабағы маңызды. Маған ән салдырған азаматтың оң-солы түгел болсын деп ұл да, қыз да тіледім. Үй салдық. Бауырларымызға жәрдем бердік.

Сөйтіп жүріп сән жайлы ойлауға шама да келмепті. Тіпті өз сымбатының қандай екенін, негізгі түрімді ұмытып қалыппын. “Айнаға қарасаң ақылыңды алып қояды” деген соң қарамай кеткенмін ғо!

Бүгін міне балалардың алды студент, арты бақшада, шүкір! Кеше екі бала тапқан бір сіңлім “сізге рахмет. Бес бала түгілі, екі баламен ес шықты ғой” деп жатыр.

Бір сіңліміз “сіздің сыртыңыздан неше түрлі айтушы ем. Өзім күйеуге шығып, бала тапқанда түсіндім. Баламен бірге жұмыс жасау деген азаптың азабы екен” деп еді. Не болса да құрбылар, сіңлілер маған ескерткіш қоймақ ниетте”, – дейді әнші.

Әйткенмен Роза Әлқожа артық салмақтан арылуға бел буған. Әнші соңғы 15 күн ішінде 8 келі салмақ тастағанын айтады. Ол мұнымен тоқтап қалмақ емес.

“Аз дегенде 7 келі. Бұған дейін 75 кг салмақтан төмен тастай алмай жүрдім. Енді көреміз.
Алда нәтиже болу үшін де арнайы жазып отырмын. Жеңісті бірге көреміз! “Жалмауыз да бір кездері қыз болған”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр