Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болашақта Қазақстан азаматтары екінші деңгейлі банктер мен мемлекеттік мекемелердің көмегінен бас тарта алады

Жақын болашақта Қазақстан азаматтары екінші деңгейлі банктер мен мемлекеттік мекемелердің көмегінсіз өз-өзіне қызмет ете алатын болады. Арадағы делдалсыз жүзеге асатын мұндай артықшылыққа Блокчэйн технологиясы арқылы қол жетпек. Бүгін әлемнің белді сарапшыларының басын қосқан Астана экономикалық форумы аясында осы жаңашылдықтың қыр-сыры түсіндірілді.

28e18642-1011-4d49-9c7e-cffd7deab217

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Workshop форматында өткен сессия blockchain технологиясын әртүрлі мемлекеттік басқару саласында пайдалану тақырыбында болды. Жиынға әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар өз ойларын айтты. 2012 жылдан бері blockchain қаржылық техникалық стартаптарына 1 миллиард доллардай инвестиция құйылған екен. Өйткені, бұл технология қолданылған саланың шығыны азаяды және қолданушылардың уақытын үнемдейді.

«Банк пен қолданушы арасындағы қарым-қатынаста банктік бірқатар процестерден бас тарту мүмкін болмақ. Сәйкесінше, қаржы мекемесінің қаншама операциялық жүйесі және сақтау қоймаларын қамтамасыз ету қажет болмайды деген сөз. Арадағы делдалдарсыз жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бұл технологияны білім беру, денсаулық сақтау сияқты көп салаға да пайдалануға болады», – дейді «Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Мейірманов.

Қарапайым мысалмен түсіндірсек, сіз жол жүру ережесін бұзғаныңыз үшін айыппұл төлесеңіз, бұл туралы ақпарат сіздің ғана компьютерде емес, миллиондаған компьютердің жадында сақталады. Яғни, сізге қатысты дерек бір жерде жойылғанымен, басқа жерден табылады деген сөз. Мұндай қызметті қамтамасыз ету үшін азаматтарды жоғары жылдамдықты әрі сапалы интернетпен қамту керек. Қазақтелеком компаниясының атқаратын рөлі де осы – қаржылық техникалық қамтамасыз ету бағытында болмақ.

«Бүгінде Қазақстанда мұндай технологияларды енгізуге, әрі қарай дамытуға ақпараттық орта дайын деп айтуға болады. Оған Қазақтелеком ұйымдастырған осы blockchain және workshop базасындағы жобаларды таныстыруы дәлел», – дейді ,  BCG  компаниясының басқарушы директоры Бартоломео Банке.

Әлемдік сарапшылардың бағасы осындай. Айтпақшы, blockchain тұғырнамасындағы ақпараттарды не өзіңіз, не өзгелер өзгерте алмайды. Бұл технологияның басты артықшылықтарының бірегейі де осы.

 

Талқылау