Жақсылық Үшкемпіров өз қаражатына бала-бақша мен жатақхана ашты
Бүгін Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбай ауылында қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, елімізге еңбек сіңірген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровтың қаражытна салынған бала-бақша ресми түрде ашылды.
Ашылу салтанатына STAN.KZ тілшісі барып қайтты.
400 шаршы метр аумақты қамтитын бала-бақша 100-ге жуық бүлдіршінді қабылдай алады. Сонымен қатар, Жақсылық Әмірәұлы жас отбасылар мен жағдайы төмен ауыл тұрғындарына арналған жатақхананың кілтін пәтер иелеріне табыс етті.
Еске сала кетейік, көп қабатты тұрғын үйде тұрам деушілер айына 12 мың теңге көлемінде қаражат төлеп тұрады екен. Ал салтанатты жиынға ауыл тұрғындарымен қатар, аудан, облыс басышлары, өнер мен спорт майталмандары қатысты.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр